Британия 100 мың шетелдік студенттердің визасын қиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия өткен үш жылдың ішінде ЕО-ға кірмейтін елдердің 100 мың шетелдік студенттері үшін визалардың әрекет ету мерзімін қысқартты немесе жойды.
Би-би-си-ге белгілі болғандай, 2013-2015 жылдардағы кезеңде елдің ішкі істер министрлігі жыл сайын 30 мыңнан астам студенттің визасын мерзімінен бұрын жапты.
Сондай-ақ, осы мерзім ішінде Британияның 410 оқу орнынан шетелдік студенттерді оқытуға демеушілік лицензияларының мерзімі кері қайтарылып алынды.
Кейбірі кейіннен лицензияларын қалпына келтірді, алайда тұтастай алғанда мұндай оқу орындарының саны 2013 жылғы 1700-ден өткен жылдың соңында 1405-ке дейін қысқарды.
Британияның Ішкі істер министрлігі визалардың әрекет ету мерзімін қысқарту мигранттар ағынын қысқарту бағдарламасының бөлігі деп уәж айтады. Ал оқу орындарынан лицензияларды қайтарып алу себебін министрлік олар ұсынған білім қызметтерінің сапасы төмен болуымен түсіндіреді.
Алайда Ұлттық студенттік одақ иммиграция проблемасын шетелдік студенттер есебінен шешуге тырысқан биліктің өзінше амалы деп санайды.
Визаның әрекет ету мерзімін тоқтату оның иесін 60 күн ішінде елден кетуге мәжбүрлейді. Ішкі істер министрлігінен мәлімдегендей, визасы жойылған студенттер елден өз еркімен кетуі тиіс екенін мәлімдеді. Олай етпесе, мүжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылады, деді ведомство өкілі.
«Біз ұлттық мүдделерге жауап беретін иммиграция жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және асыра пайдаланудың жолын кесу үшін студенттік виза беру жүйесін реформалау жұмысын жалғастырамыз», - деп мәлімдеді министріктен.