Британия елшілігінің қызметкерлері Қазақ хандығының 550 жылдығына қазақша өлең арнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шапан киіп, қазақ тілінде өлең арнаған. Елшілік бейне «сыйлығын» Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жариялаған.

Британия елшілігінің қызметкерлері Қазақ хандығының 550  жылдығына  қазақша өлең арнады

«Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бейнесі», - деп жазған Елшілік құттықтауының астына.

Елшілік қызметкерлері қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтау үшін ақын Күләш Ахметованың «Жан дала - жәннат дала» деген өлеңін таңдаған екен.