Британия Еуроодақтан шыққан кезде 145 миллион долларға дейін жоғалтуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕО құрамынан шығу британ экономикасына елеулі соққы болып тиюі мүмкін. Себебі олар төрт жыл үшін 145 миллион долларға дейін жоғалтуы мүмкін, делінген CBI зерттеу тобының есебінде.

Британия Еуроодақтан шыққан кезде 145 миллион долларға дейін   жоғалтуы мүмкін

РИА Новости хабарлағандай, зерттеушілер олардың ЕО-дан шығуы жұмыстан қысқартуларға да алып келуі мүмкін екенін атап өтеді. 995 мың адам жұмысын жоғалтуы мүмкін. 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 2-3 пайызға көтеріледі.

CBI ақпаратына сүйенсек, ЕО-дан шыққан кезде британ экономикасының шығыны жыл сайынғы ІЖӨ-нің 5 пайызын құрауы ықтимал.

Британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон бұдан бұрын ЕО-ға мүшелікті сақтау бойынша референдум 23 маусымда өтетінін мәлімдеген.

Еуроодақ елдерінің көшбасшылары ақпанның соңында Брюссельде оның Еуропалық одаққа мүшелігінің жаңа жағдайлары туралы Ұлыбританияның талаптарын талқылады. Британдық премьер бәсекелестік, егемендік, әлеуметтік саясат және экономикалық басқару - төрт саладағы жаңа жағдайларды талап етті. Саммит қорытындысы бойынша Дэвид Кэмерон алдағы референдумда елдің ЕО-да қалуын қолдайтын шарттар келісілді.