Британия мен Иран басшылары соңғы 35 жылда бірінші рет кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон Иран президенті Хасан Роуханимен келіссөз жүргізді, деп хабарлады ВВС.

Британия мен Иран басшылары соңғы 35 жылда бірінші рет кездесті

Бұл - 1979 жылғы Иран революциясынан кейінгі екі ел басшыларының бірінші кездесуі. Британия үкіметінің хабарлауынша, тараптар екжақты қарым-қатынасты оңалту төңірегінде әңгімелескен.