Британия парламенті «брекситті» қолдап дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия парламентінің қоғамдық палатасы бірінші оқылымда елдің Еуроодақтан шығу тәртібі туралы Лиссабон шартының 55 бабын күшіне енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Еуроодақтан шығу жөніндегі үкіметтің заң жобасын парламентте екі күн талқылаған кейін оны 498 депутат қолдап шықты, 114-і қарсы болды.
Заң жобасының екінші оқылымында талқылау барынша егжей-тегжейлі өтеді, ол 6 ақпанға белгіленген.
Заң жобасы парламентке Жоғарғы Соттың қаулысынан кейін енгізілді, онда Брюссельмен ЕО-дан шығу туралы келіссөздерді бастауға арналған заңнаманы үкімет заң шығарушылармен келісуі керек деп көрсетілген.
Еске сала кетсек, 2016 жылы маусым айында өткізілген референдумда Британия тұрғындарының 51,9 пайызы елдің Еуроодақ құрамынан шығуын қолдап дауыс берген болатын.
ФОТО: © bbc.com