Британия полициясының экобелсенділерге қарсы өкілеті кеңейе түсті
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда заңға полицияның өкілеттігін арттыратын жаңа, ауқымы кеңейген өзгерістер енгізілді.
Оның ішінде наразылық шаралары арқылы көлік қозғалысы мен ірі құрылыс жұмыстарын тоқтатып жүрген белсенділерге қарсы шаралар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Билік өкілдері климаттың өзгеруі мәселесінің маңызды екеніне қоғам назарын аудару үшін қозғалыс көп магистраль мен жолдарда көптеген даулы наразылық шараларын ұйымдастырып жүрген Just Stop Oil мен Extinction Rebellion экология топтарын бірнеше рет сынаған болатын.
Олардың наразылығы кейінгі жылдары автокөлік жүргізушілерге жиі кедергі келтірген.
Енді полиция тұрақты ереуілдерді күшпен басқа жерге ауыстыра алады.
Сыншылар заңды қатаңдату қарсылық шарасы құқын бұзады десе, британ ресми тұлғалары бұл шаралар «өзімшіл топтар келтіретін залалды» тоқтату үшін қажет деп есептейді.