Британия СІМ мысықты жұмысқа алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Палмерстон атты мысық сыртқы істер министрлігінің қызметкеріне айналды.
Ол Лондонда Форин-кеңсесінің ғимаратында тұрмақ және тышқан аулайтын болады, деп хабарлады Би-би-си.
Палмерстон - көшеде қаңғырып жүрген мысық. Оны Лондон көшелерінің бірінен тапқан. Мысық арық, аш, микрочипсіз болған.
Мысыққа бұрынғы сыртқы істер министрі, Ұлыбританияның премьер-министрі Палмерстон лордтың аты берілгені атап өтіледі.