Британия тұрғыны жүз жылдығын қауіпке бас тігіп атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания тұрғыны Нора Бриер жеңіл моторлы ұшақпен 2 рет ұшып жүз жылдығын тойлады. Бір ретінде Бриер ұшу аппаратын өзі басқарды.
Мұндай сыйлықты әйелге оның қыздары тарту еткен, деп жазды Lenta.ru. Бриер тосын да қауіпті жағдайларға әуес екенін айтады. Өзінің 95 жылдығында мотодельтапланмен ұшқан. Ал 80 жасында шармен көкке көтерілген көрінеді.
"Әр жылы туған күнімді асыға күтемін. Өйткені бұл күндері ерекше қылықтар жасауға тырысамын ", - дейді Бриер.
Қыздары анасының мұндай төтенше жағдайларға 1982 жылы екінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін қызыға бастағанын айтады.