Британия ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық British Airways әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы франциялық Бордо қаласының әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Бұған техникалық ақау себеп болған. Толық ақпарат әлі жария етілген жоқ. Қазір ұшақты тексеріп жатыр.
Ұшақ испаниялық Бильбао қаласынан Лондонға бағыт алған. Бортында 34 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Шұғыл қону кезінде ешкім жапа шекпеді.
Әуе компаниясы жолаушыларды әуежай маңындағы қонақ үйге жайғастырды. Олар Лондонға таңғы рейстердің бірімен барады.