Британия «велосипед революциясына» 248 млн. доллар бөлмек

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Ұлыбритания үкіметі "велосипед революциясы" ауқымында велосипед инфрақұрылымын дамытуға 160 млн. фунт стерлингіден астам (248 млн. доллар) қаржы бөлетін болды. Бұл туралы ел премьер-министрі Дэвид Кэмерон хабарлады.

Британия «велосипед революциясына» 248 млн. доллар бөлмек


Қауіпсіз велосипед жолдары 8 ағылшын қаласында және 4 ұлттық саябақта пайда болады.

Манчестер, Бирмингем, Ньюкасл, Лидс, Бристоль, Оксфорд, Кембридж және Норидж қалаларына үкімет жергілікті велосипед инфрақұрылымын дамытуға миллиондаған фунт стерлинг жұмсайды. Көрсетілген бағдарламаға Пик-Дистрикт, Сауз Даунс, Дартмур, Нью-Форест ұлттық саябақтары да ілікті.

Өткен жылы Ұлыбритания осы мақсатқа 42 млн. фунт бөлген болатын. "Үкімет велосипедті пайдаланушыларға олардың жүрісін қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге мүдделі, осы арқылы халықты көліктің осы түріне отыруға көптеп тартқымыз келеді", - деп мәлім етті Кэмерон.

Британия тұрғындары бұл бастаманы құптап қарсы алды. Велосипед көлігін күнделікті өмірге енгізуді олимпиада чемпиондары Дэни Кинг, Лаура Тротт және Джоанна Роуселл қолдауда. Бұған қосарымыз, елде велосипедтер үлкен сұраынысқа ие болып отыр. Мәселен, ел астанасының мэрі Борис Джонсон Лондон ішінде велосипедті ғана пайдаланатын көрінеді. Ол жақында дүниеге келген Уильям ханзада мен герцогиня Кейттің сәбиіне үш аяқты велосипед сыйлапты.