Британия жүздеген сириялық босқындарды қабылдамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия жүздеген сириялық босқынға уақытша баспана беретінін мәлімдеді.

Британия жүздеген сириялық босқындарды қабылдамақ

Бірінші кезекте Британияда тұру құқығы әйелдерге, қарттар мен мүгедектерге ұсынылмақ.

Бұдан бұрын БҰҰ іргелі елдерді 30 мың сириялық босқынды қабылдауға шақырған болатын. Лондондағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілі Британияның босқындардың кейбір санаттарына баспана беру тұрғысындағы шешімін үміттендіретін белгі деп мәлімдеді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, осының алдында британдық үкімет Сирияға 1 миллиард доллар көлемінде гуманитарлық көмек жасағанын ескере отырып, бұл елдің босқындарын қабылдауды жалғастырудан бас тартқан болатын.

Айта кетейік, бүгінде Таяу Шығыс елдері өздерінің аумағында 2 миллионға жуық сириялықты орналастырды.