Британияда 47 млн доллардың ұтыс билеті киіммен бірге жуылып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның Вустер қаласының тұрғыны Camelot лотереясында ойналған 33 млн фунт ұтыстың билетін киімімен бірге жуып жіберген, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Британияда 47 млн доллардың ұтыс билеті киіммен бірге жуылып кеткен

Әйелдің айтуына қарағанда, ұтыс билеті жуылған джинси шалбардың қалтасында болған.

Ол билетті сатып алған дүкенге апарып көрсеткен. Билеттің жуылып, кей жерлері өшкендіктен ұтыс қаржысы берілмеген. Сондықтан билет Camelot кеңсесіне жіберілді.

Компания ұтыс билетінің растығын тексереді. Онда ұтыс саны, шыққан күні сақталған, бірақ сериялық нөмірі мен штрих-коды өшіп қалған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Британияда лотереядан қомақты қаржы ұтып алған бақытты жан табылмай жатқандығы хабарланған еді.