Британияда A/H1N1/ тұмауын жұқтырғандардың саны күрт өсіп отыр

АСТАНА.  Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат -  -  Өткен  аптада Ұлыбританияда A/H1N1/  тұмауымен  ауырғандардың саны бірден    50 пайызға   өсті. 
None
None

 Ұлттық бұқаралық ақпарат  құралдарының  хабарлауынша,   соңғы 7 күнде      қауіпті вирусты  жұқтырудың  78 мың  жаңа  оқиғасы  тіркелген.  

 Британияда A/H1N1/  тұмауынан   биылғы маусымда    138 адам  көз жұмды.   Бүгінгі күнгі  жағдай  бойынша  тек қана Англияда A/H1N1/  вирусымен  751 адам  ауруханаға   түскен.  Оның  157-сі-   интенсивті   терапия   бөлімінде жатыр.

 Елдің бас     дәрігері Лиам  Доналдсон   мәлім еткендей,    елде  жаңа тұмауды   жұқтырғандардың саны    күрт өсіп  отыр.     Осылайша,     ағымдағы жылдың күз  және қыс мезгілінде    тұмаудың  өршу ықтималдығы  туралы  көптеген  мамандардың  болжамы      шынға айналып  келеді.   

Соңғы жаңалықтар