Британияда алып теңіз құбыжығы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиядағы Плимут қаласының (Девон графтығы) балықшылары атақты «Юр кезеңінің саябағын» мекендеушілердің біріне ұқсас алып теңіз құбыжығын ұстады. Шын мәнінде оның тарихқа дейінгі кезеңде мекендеген жануарларға еш қатысы жоқ. Ол рекордтық ірі теңіз жыланбалығы болып шықты, деп деп хабарлайды Metro.

Британияда алып теңіз құбыжығы ұсталды

Бұл жыланбалықтың ұзындығы 6 метр, ал салмағы - 72 келіні құрады. Балықшылар 1995 жылы салмағы 59 келі болған жыланбалықты аулаған әріптестерінің рекордын асып түсірді. Ғаламторда таратылған оның суреті жұртшылықты таңғалдырады.

Алып жыланбалықты «Надежда» траулерінің балықшылары аулаған. «Ірі теңіз жыланбалықтарының әдетте маржан рифтері мен суға батқан кемелерде жасырынатыны белгілі. Алайда олар өздеріне азық табу үшін кейде су бетіне көтеріледі. Көлемдеріне қарамастан, олар өте епсіз болып, балықшылар салған ауларға оңай түсіп жатады», - деп баяндады траулердің капитаны.