Британияда аспазшы-робот құрастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық компания мейрамханада аспазшының орнын баса алатын роботты құрастырды. Роботтың жадына тағамның 2000 түрінің дайындау үлгісін енгізген. Олар барлық қажетті өнім дайындалған жағдайда, тағамды өз бетінше әзірлейді.

Британияда аспазшы-робот құрастырылды

Робот ингредиенттерді қосады, қамыр илейді, дайындау температурасы мен уақытын реттейді, асты араластырып, дайын болғанын анықтайды, деп хабарлады Kedem.

Аспазшы-роботтың бір сынама данасы ғана құрастырылды. 2017 жылға қарай мұндай машиналарды тапсырыс бойынша шығару көзделген.