Британияда бала күтіміне байланысты ер адамға да демалыс беретін заң күшіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияда бала күтіміне қатысты анасымен қатар, әкесіне де демалыс алуға болатын жаңа заң күшіне енді, деп хабарлады ВВС агентті.

Британияда бала күтіміне байланысты ер адамға да демалыс беретін заң күшіне енді

Англияда әйел адам босанғанда берілетін 2 апталық демалысқа қосымша 50 апталық демалысты (37 аптасына ақы төленеді) ерлі-зайыптылар өзара ақылдаса отырып, кезектесіп алуға болатын.

Енді жаңа заң бойынша бала күтіміне байланысты демалысты бала туысымен бірден әкесі де ала алады.