Британияда белгісіз біреу лотереядан 49,5 млн. доллар ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бүгінгі ойында билет иелерінің бірі 35,1 млн. еуро көлеміндегі джекпотты ұтып алды. Бұл ойында қашанда алынған ең үлкен жүлде және өміріңді түбегейлі өзгерте алатын сома», - деп келтіреді британдық «Ұлттық лотерея» ойыны өкілінің сөздерін Independent.
Бұған дейін тағы бір қомақты сома - 66 млн. еуро (93 млн. астам доллар) ойнатылған болатын. Қаңтардағы джекпотты лотереяның екі қатысушысы бөліп алды, сондықтан соңғы ойынның жеңімпазы Lotto тарихындағы рекордтық жеке джекпоттың иесі болып табылады.