Британияда Фидель Кастро мен Че Гевараның сирек кездесетін суреттері бәссаудаға қойылды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның сирек кездесетін суреттер топтамасы 7 наурызда 50 мың фунт стерлинг сомасында (76 мың АҚШ доллар) бәссаудаға қойылатын болады.
Бұл туралы Dominic Winter Auctioneers бәссауда үйі хабарлады.
Кастроның жеке фотографы болып табылатын Альберто Корданың қызы 1950-1960 жылдар аралығында жасалған оның 55 суретін сатады. Бәссауда үйінің өкілі мәлім еткендей, бұл - танымал коммунистердің өмірін бейнелейтін фотолардың «таңғажайып» топтамасы.