Британияда ханшайымның дүниеге келуі құрметіне ескерткіш шақалар соғылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның корольдік шақа сарайы Кембридж герцогы мен герцогиняның қыздары дүниеге келуі құрметіне он мың ескерткіш шақа соғатынын жариялады, деп хабарлады РИА Новости Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Британияда ханшайымның дүниеге келуі құрметіне ескерткіш шақалар соғылмақ

Кембридж герцогы мен герцогинясында сенбі күні екінші бала - қыз дүниеге келді, ол патшайым Елизавета Екіншінің бесінші шөбересі болды. Ол Кембридж ханшайымы атағына ие болады және атасынан, әкесінен және ағасынан кейін британ тағы кезегінде төртінші орын алады.

Барлығы 88-ші сынамалы алтыннан салмағы 40 грамға дейінгі 500 шақа соғылады, қалғаны күмістен жасалады және салмағы 28 грамм шамасында болмақ. Шақаның бір бетінде британ патшайымының портреті, екінші жағында - лалагүл бейнеленеді.

Би-Би-си телерадиокорпорациясының атап өтуінше, тағы 2015 күміс пенни ханшайым дүниеге келген күні туылған балаларға тапсырылады.