Британияда қызылша ауруы өршіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM - Британияда қызылша ауруы өршіп тұр. Өткен жылы тек Англия мен Уэльсте 1603 жағдай тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырған 2 есеге көп, деп хабарлайды Kazinform-ның Англиядағы тілшісі. 

Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандар көбейді
Фото: pexels.com

Сарапшылардың пікірінше, жұқпалы инфекциялық ауру кең тарап, ауқымы одан да үлкен болуы мүмкін. Өйткені елде қызылшаға қарсы вакцина салдырмағандар көп.

Қызылшадан, қызамықтан және эпидемиялық паротиттен қатар қорғайтын екі фазалы екпе әдетте бала кезде салынады. Лондонда 5 жасқа дейінгі балалардың 75 пайызы ғана екі вакцина алған, ал тұтас ел бойынша бұл көрсеткіш 85 пайызды құрайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін және аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында вакцинация деңгейі 95 пайызға жетуі керек.

Соңғы жаңалықтар