Британияда құс тұмауы өршіді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның Линкольшнир графтығындағы түйеқұс фермасында құс тұмауының өршігендігі белгілі болды, деп хабарлады Британияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

Британияда құс тұмауы өршіді

Құстардың басым бөлігі аурудың салдарынан қырылып қалған. Ал, тірі қалғандарының өзінің көзін жою қажет болып тұр. Ферманың радиусы 3 км аймақты қамтитын айналасында жүруге шектеу қойылды. Осы аймақта құс етінің саудасы мен құс жәрмеңкесін өткізу сияқты шараларға да тыйым салынды.

«Адамдардың денсаулықтарына деген қауіп деңгейі төмендей түсті. Азық-түлік стандарты жөніндегі агенттік өкілдері британиялық сатып алушылардың осы оқиғаның салдарынан қандай да бір қиын жағдайа тап болуына байланысты қауіптің жоқ екендігін растап отыр»,-делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Британияда құс тұмауының өршу жағдайы соңғы рет осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын болған.