Британияда лотереядан £33 млн ұтып алған бақытты жан табылмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 33 млн фунт-стерлингке тең джекпоттың жарты ұтысын жеңіп алған билет иесін таба алмай жатыр, деп хабарлайды Газета.ру.

 Британияда лотереядан £33 млн ұтып алған бақытты жан табылмай жатыр

Лотерея ұйымдастырушыларының сөзіне қарағанда, ұтысты алып кетуге ешкім келмей отыр. Компанияның ресми өкілі хабарлағандай, Camelot ұлттық лотереясының ұйымдастырушылары бұл жағдайға таңданыс білдіруде. Аталған компания ұтыс иегерін табу мақсатында билет сатылған Вустер қаласының 100 мыңдай тұрғынын құлақтандырды. Егер ұтысты 180 күннің ішінде алып үлгермесе, джекпот көлемі келесі ұтысқа дейін осындай сомаға артады, деп жазады 24.kz.

Айта кетейік, шотландиялық Хоика жанұясы джекпоттың жарты ұтысын өткен аптада алып кеткен болатын.
Фото: newsofgambling.com