Британияда миллиардерлер саны алғаш рет 100-ден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания аумағында тұратын долларлық миллиардерлер саны алғаш рет жүзден асып жығылып, 104-ке жетті. Бұл туралы Би-би-си Sunday Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Британияда миллиардерлер саны алғаш рет 100-ден асты

Басылым сарапшы Филип Бересфордтың сөзінен мәліметтер келтірген. Мәселен, оның мәліметтерінше, тізімдегі 73 адам Лондонда тұрады, сөйтіп ол аса дәулетті тұрғындар санымен бірінші орынға шығып отыр.

Мәскеуде - 48, ал Нью-Йоркте - долларлық 43 миллиардер тұрады.

Бересфордтың атап өтуінше, Британиядағы ең бай адамдардың осындай табысқа жетуіне салық режимінің қолайлылығы, мәдени демалыстың әртүрлілігі және білімнің жоғары сапасы игі ықпал еткен.