Британияда мұсылмандарға арналған сәнді киім сататын алғашқы бутик ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұсылмандарға арналған киім тігетін әлемге белгілі Aab компаниясы Ұлыбритания астанасында өз бутигін ашты. Дүкен жұмысының бірінші күнінде Лондонның екі мыңнан астам тұрғыны келді.

Британияда мұсылмандарға арналған сәнді киім сататын алғашқы бутик ашылды

Бутиктен хиджаб, абайи, джильбабы, сондай-ақ түрлі аксессуарлар (шаш қыстырғыштары, сөмкелер, әшекей бұйымдары) сатып алуға болады, деп жазды Росбалт .

Жібектен тігілген люкс класындағы хиджаб құны шамамен 40 фунтты ($60) құрайды.

2007 жылы ашылған компанияның креативті директоры Назмин Алим бренд өз коллекциясын заманауи мода негізінде жасайтынын айтты.

Сарапшылар Ұлыбританияда бұл киім нарығының бір жылдағы айналымын жүз миллион фунтқа ($147 млн) бағалап отыр.