Британияда пошта қызметкерлері ереуілге шықты
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Британияда пошташылардың бүгін басталған 48 сағаттық жалпыұлттық ереуілінің салдарынан Біріккен Корольдіктің пошта қызметі тоқтап қалды. Ереуіл басталған алғашқы сағатта-ақ, шараның ауқымды және кең көлемді екендігі байқалды. Корольдік поштаның 120 мың қызметкері жұмыстарын тоқтатып отыр,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Белсенділер жұмыстарын тоқтатқан 38 ірі пошталық сұрыптау орталықтарын жауып тастады. Корольдік пошта әкімшілігінің жұмысқа уақытша жұмысшыларды - 30 мыңдай адамды тартпақ болған талпыныстары әзірге нәтиже бермей отыр. Олар поштаны сұрыптау және жеткізу жұмыстарын бастау үшін қажетті тексерулерден өтіп үлгермеген.