Британияда «Россия сегодня» ХАА есепшоты жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейге қарсы санкциялық шаралар аясында Ұлыбританияда британдық қазынашылық органдары "Россия сегодня" Халықаралық ақпараттық агенттігі өкілдігінің Barclay's банкіндегі есепшоттарын жапты. Банк тиісті хабарлама жіберуі тиіс, деп хабарлады Утро.ру.

Британияда «Россия сегодня» ХАА есепшоты жабылды

Ұлыбритания қазынашылығы қаржылық санкцияға іліккен тұлғалар тізімінде «Россия сегодня» ХАА бас директоры Дмитрий Киселев те бар. Ақпараттық агенттіктің есепшотын жабуға осы жағдай себеп болуы мүмкін.