09:14, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Британияда сайлауалды науқан басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурыз күні Ұлыбританияда 7 мамырдағы жалпыхалықтық сайлаудың сайлауалды науқаны басталды, деп хабарлады ВВС.

Премьерлікке негізгі үміткерлердің арасында қазіргі премьер-министр Дэвид Кэмэрон және оппозициялық лейбористік партия көшбасшысы Эд Милибэнд бар.
Сарапшылардың айтуынша, Лондонның Брюссельден «тәуелсіз» болуын көтеріп жүрген Найджел Фарадж жетекшілік ететін Тәуелсіздік партиясының танымалдығы да артып келеді.