Британияда шығарылған ең қымбат көлік 22,5 млн АҚШ долларына сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1956 жылғы Aston Martin DBR1 автомобилі АҚШ-тағы Sotheby's акционында 22,5 млн АҚШ долларына сатылды. Бұл британия шығарған көліктердің ең қымбаты болып отыр, деп жазады The Sunday Telegraph.

Британияда шығарылған ең қымбат көлік 22,5 млн АҚШ долларына сатылды

Sotheby's аукционындағы сауда Монтерей (Калифорния штаты) қаласында, жыл сайынғы автомобиль апталығы аясында өтті.

Aston Martin DBR1 осыған дейінгі британиялық көліктердің 21,7 млн долларлық рекордын жаңартты.