Британияда терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді, деп хабарлады ел премьер-министрі Тэреза Мэй. Бұл хабарды Риа Новости агенттігі таратты.

Британияда терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді

«Манчестерде болған терактіге байланыста терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын барынша күшейту туралы шешім қабылданған. Бұл - елде теракт болмауы мүмкін емес дегенді білдіреді. Бұл көптеген маңызды орындарда полиция қызметкерлерін әскерилер алмастырады деген сөз»,-деді Мэй құрамына үкімет пен арнайы қызмет өкілдері кіретін COBRA төтенше жағдайлар комитетінің мәжілісінен соң.

Манчестерде теракт дүйсенбі күні кешкісін америкалық әнші Ариана Гранденің концерті кезінде болды. Жарылысты жанкешті ұйымдастырды. Соңғы мәліметтер бойынша, жаралыстың салдарынан 22 адам мерт болып, 120 адам дене жарақатын алды. Сонымен қатар бірнеше жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткен.