08:20, 06 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Британияда жасөспірімдерді азғындыққа итермелеген 101 жастағы тұрғын сотталып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Бирмингем қаласында жыныстық сипаттағы сериялық қылмыстар жасауға күдікті 101 жастағы ер адамға қатысты сот процесі басталды. Оны ел тарихындағы ең кәрі сотталушы деп атады, деп жазады Би-би-си.

1915 жылы туған Ральф Кларкке 31 эпизод бойынша айыпталуда. Тергеудің мәліметтері бойынша, бұл қылмыстар 1974-1983 жылдары жасалған, бірақ ол жайлы 2015 жылы ғана белгілі болған. Атап айтқанда, Би-би-си тілшісінің хабарлауынша, Р.Кларкқа кәмелет жасқа толмағандарды азғындық жолға түсіру әрекеттері бойынша айып тағылды.
Айыпкер өз кінәсін мойындаған жоқ.
Жасы жүзден асып кеткендіктен Кларкты әдеттегі сотталушы орнына отырғызған жоқ. Және отырыстың ұзақтығы төрт сағаттан аспауы тиіс.
Сот Кларк процесін ағылшын сот тәжірибесіндегі бірегей оқиға деп атап отыр.