Британиядан табылған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда тіркелген жоқ – ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда жоқ. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, вирустың мутациясы – табиғи процесс.

«Пайда болғалы бері коронавирус едәуір мутацияға ұшыраған. Қазақстанда мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін тараған штамдар зерттелді. Бүгінге дейін біздің елде Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ пен Қытайда тараған штамдар анықталған болатын», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Ұлыбританиядан табылған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда анықталмаған.

Комитет басшысы сонымен қатар вирустың мутациясына қатысты зерттеу әлі де жалғасып жатқанын, вирусқа толыққанды зерттеу жүргізу үшін аймақтарда тіркелген жағдайлар зерделеніп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар