Британиялық депутат боксшы Тоуэлдің өлімінен соң бокс ережесін өзгертуді талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пол Флинн Майк Тоэлдің өлімінен соң бокстің ережесін өзгертуді ұсынды.

  Британиялық депутат боксшы Тоуэлдің өлімінен соң бокс ережесін өзгертуді талап етті

«Біз көптеген спорттардың ережесін өзгертіп, бас адамның ең әлсіз мүшесі екендігін айқын сезінуіміз керек. Біз соққыдан адамның басына келетін зардаптарды мүмкіндігінше азайтуымыз керек. Бокстың басты мақсаты - қарсыласты ес-түсінен айыру»,-дейді депутат.

Бейсенбі күні Тоуэл Дэйл Эванспен болған кездесуден соң, шаршы алаңнан зембілмен шығарылды. Боксшы ауруханаға түсіп, кейінірек қатты соққылардан бас миына келген зақымнан қайтыс болды, деп жазады ТАСС.

Эванспен кездесуге дейін Тоуэл кәсіби бокста 11 жеңіске жетті.