Британиялық Фрум «Тур де Франс» веложарысының 10-шы кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Team Sky командасының мүшесі британиялық велоспортшы Крис Фрум "Тур де Франс" көпкүндігінің 10-шы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Британиялық Фрум «Тур де Франс» веложарысының 10-шы кезеңінде жеңіске жетті

Екінші болып мәреге оның командадағы серіктесі австралиялық Ричи Порт, үшінші болып колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) жетті. Тарб - Ла Пьер-Сен-Мартен "таулы" кезеңі 167 км құрады.

Бұрынғыдай Кристофер Фрум көш бастап келеді. Альберто Контадор - алтыншы орында. "Тинькофф Саксоның" басқа спортшысы словакиялық Петер Саган ұпайлық классификациясының лидерлік статусынан айырылды.