Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Британиялық қатерлі ісікке жасалған отадан кейін екі күннен соң лотереядан 61 миллион фунт стерлинг ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Монмут қаласының тұрғыны Соня Дэйвис қатерлі ісікке жасалған отадан кейін екі күннен соң лотереядан 61 миллион фунт стерлинг ұтты, деп хабарлайды РИА Новости Би-би-си телеарнасына сілтеме жасап.

Британиялық қатерлі ісікке жасалған отадан кейін екі күннен соң   лотереядан 61 миллион фунт стерлинг ұтты

Соня Дэвис АҚШ-та отаға дайындалып жатқан кезде телефон арқылы қызы Стефаниді лотерея билетін сатып алуға көндіреді.

Ол өзін күрделі операциядан кейін «өлімді алдадым», ал ұтыстан соң «ғаламшардағы ең бақытты адаммын» деп есептейді.