Британиялық кинокомпания Шыңғысхан туралы фильмді Қазақстанда түсіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» кинокомпаниясы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі) кино өнер және мәдениет саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Бұл жөнінде толығырақ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов айтып берді.
None
None

«Жуырда Астана қаласында «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» британиялық кинокомпаниясымен ынтымақтастық жөніндегі үшжақты келісімге қол қойылды. Бірден айтайын, бұл әзірге тек ниет қана, бірақты жемісті ынтымақтастық болады деп күтемін. Әлемнің жетекші «SUPERB FILMS» кинокомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстан кинематографиясының әлемдік деңгейге көтерілуіне ықпалдасады деп ойлаймын. Бұл - Елбасының отандық киноиндустрия саласына инвестиция тарту бойынша тапсырмасын орындау. Аталған ко-венчер туралы келісімдер аясында (ынтымақтастық және кооперация) біз бірнеше кинокартиналар түсіру жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік. Ынтымақтастық туралы ұсыныс бір күндік жұмыс емес екендігі белгілі. «SUPERB FILMS» - өз фильмдерін түсіруге қомақты бюджеті жеткілікті танымал компания. Белгілі британиялық продюсер және компания басшысы Кент Волвин қазақстандық кинематография мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Қазақстанға бірнеше рет келіп, біздің табиғи- климаттық жағдайымызға, кең-байтақ жерімізге сүйсініп, өз жоғары бағасын берді»,-деп атап өтті А.Хазбулатов.

Британдық кинокомпанияның Шыңғысхан туралы көркем фильм, Иса пайғамбар туралы көркем және деректі фильмдер түсіру жоспары бар. «Мұндай кең ауқымды жобалар түсіру үшін де ерекше әсем жерлер, таңғажайып аймақтар қажет, сондықтан болар түсірілімдер Ұлыбритания, Үндістан және Қазақстанда жоспарланып отыр. Кент Волвиннің пікірінше, еліміздің климаттық және географиялық жағдайының әртүрлілігі ірі ауқымды тарихи және көпшілік көріністерді түсіруге тиімді қолайлы. Британиялық тарап бізден қазақстандық әртістерді іріктеу, оның ішінде көпшілік көріністер ұйымдастыруда, сондай-ақ түсірілімдер жүргізуде жергілікті әкімшілік органдармен келісу барысында, ұйымдастырушылық мәселелерде, сондай-ақ сол кезеңнің тарихын жетік білетін ғылыми кеңесшілер мен сарапшылар ұсынуда көмек сұрап отыр»,-деп хабарлады А.Хазбулатов.

Өз кезегінде, инситут серіктестері фильм кино сценарийлерін ұсынып, келіседі, кинофильмді толық қаржыландыруды қамтамасыз етіп, кинофильмнің шығарылуын (монтаж, дыбыстау, титрлер және т.б.), Қазақстанды қатысушы ретінде көрсетіп халықаралық прокатқа шығуын қамтамасыз етеді.

«Бұл ретте айта кететін тағы бір жайт, қазақстандық тарап қаржыландыруға қатыспайды. Сондай-ақ, біз біздің бағынысты ұйымдардағы бар реквизиттерді ұсыну арқылы көмек беруіміз мүмкін. Бұл стратегиялық ынтымақтастықтағы басты жетістігіміз кинофильмдер өндірісі, дистрибуция, прокатқа шығарудағы әлемдік тәжірибемен танысу болып отыр. «SUPERB FILMS» кинокомпаниясының ынтымақтастыққа қызығушылығы еліміздің бай табиғи әлеуетінде ғана емес, көптеген мәдениеттер мен діндер тоғысындағы адами әлеуетіміз дер едім. Болашақта біздің атақты спортшыларымыз Головкин, Ильин туралы фильмдер түсіруіміз де мүмкін»,-деп хабарлады ол.

Соңғы жаңалықтар