Британиялық селекционер көзден жас шығармайтын пияз түрін шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бедфордшир (Ұлыбритания) елінің фермері Аластер Финдли турағанда көзден жас шығармайтын және жағымсыз иіс шығармайтын пияз түрін шығару үшін 20 жыл бойы жұмыс істеді.

Британиялық селекционер көзден жас шығармайтын пияз түрін шығарды

Жуырда осындай пияздың 40 тоннасы Ұлыбритания супермаркеттерінде сатылымға қойылды, деп хабарлады Kedem порталынан.

Көзден жас шығармайтын пияз ашық күлгін түсті. Ол өзгелерге қарағанда әлдеқайда дәмдірек. Бұл пиязды бір өзін де жей беруге болады.