Британиялық танымал боксшы Жақияновты жеңісімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық былғары қолғап шебері Пол Аптон (12-0, 2 КО) қазақстандық Жанат Жақтияновтың (27-1, 18 КО) америкалық Роши Уорренмен (14-2, 4 КО) болған кездесуін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Жанат Жақиянов әлем чемпионы атанды, өте жақсы жетістік! Ол үшін қуаныштымын. Бұл жігіт залда өзгелермен салыстырғанда өте белсенді дайындалады»,-деп жазды Аптон твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Жақиянов Уорренмен кездесу барысында бірінші раундта екі рет нокдаунға түскеніне қарамастан төрешілер шешімімен жеңіске жетті.