Британияның ең бай адамы 1978 жылы Кеңес одағынан барған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1978 жылы Кеңес одағынан Британияға ауып барған «Warner Music» компаниясының жетекшісі Лен Блаватник сол елдің ең бай адамы атанды. Sunday Times нұсқасы бойынша оның байлығы 13,17 млрд фунт-қа (20 млр.доллар) жетті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Британияның ең бай адамы 1978 жылы Кеңес одағынан барған

Оның байлағы 13 млрд фунттің иесі Шри және Гопи Хиндуджа есімді байлардан асып түсіп, бірінші орынға шықты. 2014 жылы Блаватник 4-ші орында тұрған. Британияның 1000 бай адамының капиталы соңғы он жылда екі есе артып, 547 млрд. фунтқа (830 млрд доллар) жетті. Оның ішінде 117 миллиардер бар. 2014 жылы 104 болған. Миллиардерлер Лондон қаласында тұрады.