Британияның ең кәрі тұрғыны 113-ке келген шағында өмірден озды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - 19 ғасырда дүниеге келген соңғы британиялық әйел өмірден өтті.
None
None

Грейс Джоунс 1899 жылы желтоқсанда дүниеге келген. Ол 113-ке келген шағында көз жұмды.

Тігінші болып істеген Грейс Джонс Лондонның оңтүстік-шығысындағы Бермондси ауданында тұрды. Зейнеткерлікке 50 жыл бұрын шыққан. Әлемнің ең ұзақ өмір сүргендер тізімінде ол алтыншы болып саналған, деп хабарлады ВВС.

Ол ауырғанға дейін өз пәтерінде тұрды және бірер жыл бұрын ғана дүкенге өзі барып тұрған көрінеді.

Енді 1900 жылы мамыр айында туған Барнсли тұрғыны Этель Ланг Британияның жасы үлкен тұрғыны болып саналады.

Соңғы жаңалықтар