Британияның ірі мобильдік операторына 1 млн. фунт айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның ірі мобильдік байланыс операторы ЕЕ компаниясына клиенттерден шағым қабылдау қағидасын бұзғаны үшін 1 миллион фунт (1,5 млн. долларға жуық) айыппұл салынды.
Британдық Ofcom реттеушісі өкілінің айтуынша, оператор кейбір клиенттерін егер олар компания қызметтеріне риза болмаса, үшінші инстанцияға жүгінуге құқықтары бар екенін хабардар етпеген.
Ұлыбританиядағы қолданыстағы қағидалар бойынша оператор клиенттерге жазбаша осындай мүмкіндік бар екенін хабарлауы тиіс-тін. ЕЕ 2011-2014 жылдар аралығында бұлай жасамаған.
Британдық ұялы байланыс компанияларының барлық клиенттері ADR (Alternative Dispute Resolution) бағдарламасының аясында өз операторларына тегін шағым білдіруге құқықтары бар.