«British Lionhearts» - «Astana Arlans»: шаршы алаңға кімдер шығады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «British Lionhearts» - «Astana Arlans» командалары арасындағы кездесуде шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды. Бұл мәліметті «Astana Arlansтың» ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып, «Sports.kz» қазақстандық спорт порталы жария етті.

«British Lionhearts» - «Astana Arlans»:  шаршы алаңға кімдер шығады?

Атап айтқанда, С1 салмақ дәрежесінде бүгін түнде:

49 кг: Галал Яфай - Жомарт Ержан;

56 кг: Питер Макгрейл - Нұрсұлтан Көшеғұлов;
64 кг: Пэт Маккормэк - Самат Башенов;
75 кг: Трой Уильямсон - Мейірім Нұрсұлтанов;
91 кг: Джосип-Бепо Филипи - Мұхамеджан Еркін.

Ал ертең С2 салмақ дәрежесінде:

52 кг: Корюн Согомонян - Азамат Исақұлов;
60 кг: Люк Маккормэк - Зәкір Сафиуллин;
69 кг: Джощуа Келли - Асланбек Шымбергенов;
81 кг: Радослав Димитров Панталеев - Нұрдәулет Жарманов;
+91 кг: Фрэйзер Кларк - Қамшыбек Қоңқабаев.
Егер есеп тең болған жағдайда, қосымша кездесу өткізілуі ықтимал. Онда 52 кило салмақта Санни Эдвардс пен Азат Махметов шаршы алаңға шығуы мүмкін.

Бұған дейін хабарлағанындай, «Astana Arlans» - «British Lionhearts» арасында екі күндік кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Бүгін және ертең де бокс кеші Астана уақытымен 01-00-де басталады.