Бритни Спирске ұқсау үшін американдық жынысын ауыстырды
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Огайо штатының тумасы Коди Хайнс өзінің сүйікті «жұлдызы» Бритни Спирске ұқсағысы келгені соншалық, ол жынысын ауыстыруға дейін барды. «Сұлулық» үшін жасалған бірнеше отаға 100 мың АҚШ доллары жұмсалған.
Танымал әншінің клоны болғысы келген американдық бар мүлкін сатып бітірді. 14 сағаттық отадан кейін Коди шашының түсін, ерні мен мұрын формасын өзгертіп, Кара есімді бойжеткен атанды.
«Бритни - сұлулықтың патшайымы. Ол өте мықты әрі дүние жүзіне танылып, биікке көтеріле білген адам. Барлығы да онымен кездескісі келеді», - деді Кара өзінің әншіге деген «махаббатын» түсіндіре келе. Діттеген мақсатына жеткен Караның сөзіне қарағанда, ендігәрі оның өмірі мәнді әрі мағыналы болады, деп хабарлады LifeNews .