«Бірлестік-2024»: Маңғыстау облысында халықаралық әскери оқу-жаттығуға дайындық пысықталды

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселені талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отырған «Оймаша» полигонында ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды.

Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар