Астанада татар-башқұрт мәдени орталығы 30 жылдық мерейтойын атап өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада дәстүрлі жаз мерекесі – Сабантой өтіп жатыр. Биылғы мереке астаналық «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының 30 жылдығына арналған.

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Орталық 30 жыл бойы елордада Сабантой мейрамын өткізіп келеді. Қалалық алаңға жиналған адам қарасы көп. Онда татар және башқұрт әуендері шырқалып жатыр. Келушілерге қызмет көрсететін ұлттық тағамдар мен халық шеберлерінің сауда павильондары орналасқан. Халықтық ойындар мен спорттық жарыстарды өткізуге арналған аймақтар әзірленген. 

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ауқымды мерекеге Татарстан Республикасы Раисы Рустам Минниханов арнайы құттықтау хатын жолдады.

«Татарстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік кеңесі атынан және өз атымнан сіздерді сүйікті Сабантой мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Татарлар қай жерде жүрсе де, Сабантойды ерекше толқыныспен күтеді. Онда халықтың өзіндік бірегейлігі бейнеленеді, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшелігі көрінеді. Бүгінде бұл ежелгі мереке заманауи бояулармен органикалық түрде толықты. Сабантойға белсенді қатысу барлық татарларға халқымыздың бірлігін тағы да атап өтуге мүмкіндік беріп, достық қарым-қатынастың ұмытылмас әсерін беретініне сенімдімін. Мереке өмірімізді қуаныш, жақсылық пен жасампаздық нұрымен толтыра берсін», - деп құттықтады Р.Минниханов.

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сонымен бірге, ҚХР төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз құттықтауында татар және башқұрт этностарының тілі мен тарихын дамытуға жағдай жасау жөнінде атап өтті. 

татар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Бұл мереке ел бірлігінің, келісімнің, халықтың татулығы мен достығының айғағы, ортақ құндылықтарды насихаттау мен дәріптеудегі толымды істеріміздің көрсеткіші. Атап айтқанда, мәдени ағартушылық, ғылыми және экономикалық салада татар және башқұрт этностарының тілі мен тарихын, әдебиеті мен өнерін дамытуға қажетті жағдай жасауда атқарған қызметтеріңіз құрметке лайық! Сіздерге алдағы уақытта толайым табыс, береке-бірлік және өркендеу тілеймін», - деді М.Әзілханов.

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сабантой мереке ретінде көптеген түркі халықтарының күнтізбесіне енген. Бүгінде ол көктемгі науканның аяқталуын ғана емес, халықтарымыздың мәдени байлығын, ана тілін сақтап калуға деген ұмтылысын, қонакжайлылықты білдіреді. Түрлі ұлт және дін өкілдерінің бірігуіне ықпал етеді. 

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Адамдар көктемгі егін науқаны аяқталған соң, үлкен мереке жасаған және бітік егін күткен. Сондықтан бұл мереке мәрттікті, еңбекқорлықты, болашаққа деген сенімді және әрине бүкіл халықтың ауызбіршілігін білдіреді. Біздің орталық жыл бойы көптеген іс-шараларға, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысады. Бүгін де «Сабантой аруы-2024» байқауын өткіземіз, спорттық жарыстар мен татарша күресті көрсетеміз», - дейді «Таң» татар-башқұрт орталығының төрағасы Д.Сұлтанов.

Келушілерге татар және башқұрт халқының қонақжайлылығының басты символы чак-чак таратылды. Сондай-ақ бұл тағам халықтар арасындағы достықты, бірлікті, үйлесімділікті те білдіреді. 

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сабантой соңы концертке ұласты және онда Алматы қаласынан келген «Идель» хореографиялық ансамблі, «Достық», «Ялкын» ұжымдары және Қазан қаласынан арнайы келген Марат Галимов пен Чулпан Ахметзянова өнер көрсетті. 

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Еске сала кетейік, Астана күнін мерекелеу аясында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында әр сенбі-жексенбі сайын «Creative summer» жазғы жобасы өтеді. Онда апта сайын балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық ұжым қойылымдары, флешмобтар өтеді. 

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ертең 21 шілдеде сағат 16.00-де «Жерұйық» саябағында аниматорлар өнер көрсетеді. Ал 17:00-ден 18:00-ге дейін Қуыршақ театрының қойылымын тамашалауға болады. Сағат 18.00-де «Цирк Дю Салем» қойылымы басталады. Ал сағат 19.00-ден 20.30-ға дейін әлеуметтік билер жоспарланған. 

сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
сабантой
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Соңғы жаңалықтар