Бірнеше күн арзандаған доллар бағамы қайта өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

доллар
Фото: freepik.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,95 теңгеге өсіп, 462,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 461,37 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 538,03 теңге, сату - 548,03 теңге;

– рубль: сатып алу - 5,90 теңге, сату - 6,20 теңге.

– юань: сатып алу - 66,98 теңге, сату - 73,69 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 462,95 теңгеден сатып алынады, 465,36 теңгеден сатылады. Еуро 542,28 – 547,86 теңге, ал рубль 6,03 – 6,16 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,44 теңгеден сатып алынады, 71,36 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 22 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге түсіп, 461,37 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар