Үйлену тойындағы «футбол торты» қазақстандықтарды таңғалдырды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан фото, видеодағы үйлену тойындағы ерекше торт қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Kazinform.

торт
Фото: видеодан кадр

Алматылық блогер Әлішер Келгенбайдың үйлену тойы футбол стилінде өтті.

Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, «Real Madrid-тің» эмблемасы қалыңдықтың ақ жамылғысында болса, «Barcelona» футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілген.

Сондай-ақ қалындық қолына әдеттегідей ақ гүл емес, қара түсті гүл шоғын ұстап жүрді. Бұдан бөлек, қонақтардың көңілін көтеруге «Месси» мен «Роналдо» келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Улдана Жиенкул (@uldana.kelgenbay)

Әлеуметтік желі қолданушыларын көп деңгейлі алып торт та бей-жай қалдырмады. Мейманхана төбесімен бірдей дерлік торт футбол клубтарының эмблемаларымен, кубок, доп, қалыңдық пен күйеу жігіт бейнесіндегі формалармен безендірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әлішер Келгенбай (@alisher.kelgenbay)

Соңғы жаңалықтар