Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірнеше өңірде аптап ыстық пен нөсер жаңбыр болады

АСТАНА. KAZINFORM – 19 тамызда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Погода, дождь, Астана
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Оңтүстік және орталық аудандарда төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыста аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік-батыс пен шығыста жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с болады. Облыстың батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.