Бірнеше өңірінде -4 градусқа дейін үсік болады
АСТАНА. KAZINFORM — 30 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, тұман, қатты жел, найзағай және жауын-шашын, соның ішінде қар жауады.
Батыс Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оралда да тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы. Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ақтауда түнде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Жамбыл облысы. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түсуі мүмкін, желдің екпіні 15–20 м/с болады. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысы. Түнде облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысы. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түнде солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Алматы облысы. Түнде таулы аудандарда жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз солтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 4 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде түнде ауа температурасы 2–4 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Абай облысы. Күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстігі мен батысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Семейде күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысы. Күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түнде солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Көкшетауда 2 градусқа дейін үсік болады.
Қарағанды облысы. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түнде солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Қарағандыда таңертең және күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде 1 градусқа дейін үсік болады.
Ұлытау облысы. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Ақтөбе облысы. Түнде солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Атырау облысы. Өрт қаупі жоғары деңгейде, ал оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады.
Астана. Күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қостанай облысы. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
Көрсетілген өңірлердің басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.
Бұған дейін қыркүйек айының соңында Қазақстанның басым бөлігінде негізінен құрғақ ауа райы сақталатыны, алайда 1 қазаннан бастап жағдай өзгеріп, көптеген өңірде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейетіні хабарланған болатын.