Бірінші шақырылымдағы Құрылтай: Президент бірінші сессиясын ашты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды.

в
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, жақыда Орталық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды. 

Бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша сайлаушылардың дауыстары төмендегідей бөлінді:

- «Әділет» партиясы — 6 528 948 дауыс немесе 71,17%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 469 058 дауыс немесе 5,11%;
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 97 751 дауыс немесе 1,07%;
- Қазақстан Халық партиясы — 285 395 дауыс немесе 3,11%;
- «Ауыл» партиясы — 574 621 дауыс немесе 6,26%;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 478 083 дауыс немесе 5,21%;
- «Respublica» партиясы — 509 631 дауыс немесе 5,56%;
- «Бәріне қарсымын» — 230 446 дауыс немесе 2,51%.

Бұл ретте, сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар айқындалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:

- «Әділет» партиясы — 110 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат;
- «Ауыл» партиясы — 10 мандат;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат;
- «Respublica» партиясы — 9 мандат.

Еске салсақ, 26 тамыз күні «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтай депутаттарының 8 мандатын, «Ауыл» партиясы депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімін, Respublica партиясы 9 кандидаттың есімін, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Құрылтайдың жаңа құрамында жұмыс істейтін сегіз өкілінің тізімі, сондай-ақ 27 тамызда «Әділет» партиясы депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімін жариялады.