Брокерлер KASE нарығында сауда жасай алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - KASE-де брокерлік ұйымдарға шетел валюталарын сатып алуға рұқсат етілген. Бұл туралы Қазақстан қаржы биржасының биылғы бірінші жартыжылдықтағы есебінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз брокерлерге валюта нарығына қатысу құқығын бердік. Бұған дейін тек банктер қатысқан болатын. Олар Ұлттық банктен айырбастау операцияларына лицензия алған соң биржаға қатыса алады. Брокерлер тұтынушы атынан саудаласуға рұқсат етіледі. Банкноттық мəміле жеке тұлғалар үшін 100 доллардан аспауы керек»,-деді «Қазақстандық қор биржасы» АҚ басқарма төрайымы Алина Алдамберген.

Қазақстандық биржа төрайымының айтуынша,  валюталық операциялар үшін лимиттің өсімі банкноттық мəміле нəтижесіне байланысты. Қазіргі таңда лимит мəселесі қарастырылмаған.

 Қазақстандық биржа төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің сөзіне қарағанда,  2018 жылдың бірінші жартысындағы сауда көлемі 2,3 есеге өсіп, 1475,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,1 %-ға жоғары.

Соңғы жаңалықтар